ДУАЛАНҒАН (СИҚЫРЛАНҒАН, КӨЗ ТИГЕН) АДАМҒА ҮЙДЕ ДЕМ САЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Екі алақаныңызды жайып, үрлейсіз және мына сүрелерді оқисыз:
1. «Фатиxа» сүресі 7 рет
2. «Аятул Курсиді» 3 рет
3. «Кәфирун» сүресі 1 рет
4. «Ықылас» сүресі 3 рет
5. «Фәләқ» сүресі 3 рет
6. «Нас» сүресі 3 рет
Осыдан соң мына дұғаларды оқып Аллаға жалбарыну керек:
1. Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!
(Мағынасы: «Иә, Алла, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!». (Бұхари)
2. Науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды.
Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!
(Мағынасы: «Мені мазалаған жамандықтың кесірінен Алланың Құдіреті мен Күшіне сыйынамын» -деп айт»
(Муслим)
3. Бисми-Ллаһи арқи-кә мин кулли шаййин йуъзука, мин шарри кулли нафсин ау ъайни хасидин! Аллуһу йашфикә, бисми-Ллаһи арқи-кә!
(Мағынасы: «Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Алланың атымен сыйынамын! Алланың сені сауықтыруы үшін, Алланың атымен сыйынамын!» (Муслим)
4. «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н).
(Мағынасы: "Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер»)